Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Аудан басшысы шеткі көшенің мәселесін шешуді тапсырды

Аудан басшысы шеткі көшенің мәселесін шешуді тапсырды

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Тереңөзек кентіндегі Бауыржан Момышұлы көшесін жаяу аралап, көше тұрғындарының көтеріп жүрген мәселелерімен танысты. Аудан басшысы аталған көшені жөндеуге, абаттандыруға соңғы жылдары мүлдем көңіл бөлінбегенін айтып, тұрғындардың талап-тілегін реттеуді тапсырды.

- Даңқты батырдың есімін иеленген көшедегі ең соңғы үйге дейін жол төселуі қажет. Бұл жұмыс менің жіті бақылауымда болады. Орынбасарым мен кеңесшіме, кент әкіміне көшеге тас төсеу жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырамын. Тұрғындардың өтініші орынды, біз тез арада олқылықтың орнын толтырып, көшені жөндеуге тиістіміз, - деді аудан әкімі.

Аудан басшысы сондай-ақ құрылысы жүргізілген және енді салынатын тұрғын үйлерді картаға түсірудің маңызды екенін айтты.

22 тамыз 2021 ж. 756 0