Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 84 газет

04 қараша 2025 ж.

№83 газет

01 қараша 2025 ж.

№82 газет

29 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты ұзарды

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты ұзарды

Елімізде халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс уақытының ұзару себебі түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесінің неліктен өзгергенін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Нариман Дүйсекеев түсіндіріп өтті.

«Клиенттер халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс уақытын арттыруды бұрыннан сұрап келеді. Оның ішінде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары да бар. Себебі азаматтар жұмыс күндері мемлекеттік қызметтерді алып үлгермей жатады. Осыған орай біздің корпорация клиенттерге ыңғайлы болу үшін күнделікті жұмыс уақытын сағат 20.00-ге дейін ұзартты. Сондай-ақ, сенбі күні сағат 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Одан бөлек, осы аптадан бастап мамандандырылған қызмет көрсету орталықтары жұмысын қайта жандандырды», - дейді ол.

Оның айтуынша, енді қазақстандықтар үшін жүргізуші куәлігін алу, көлік тіркеу, сондай-ақ мемлекеттік нөмір алу қызметі сенбі күні де қолжетімді.

Айта кетейік, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі және мекенжайын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның ресми сайтынан білуге болады.
23 қыркүйек 2022 ж. 689 0