Бала құқығы – басты құндылық
Балалар қауіпсіздігін сақтау, психологиясы әрі дені сау ұрпақ тәрбиелеу – өркениетті қоғамның, мемлекеттік саясаттың басты бағыты. Кез келген елдің дамуы және оның болашағы балалар құқығын сақтауға тікелей байланысты.
№35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейде «Білім беру ұйымдарында білім беру ортасының қауіпсіз психологиялық-педагогикалық жағдайларын жасау» тақырыбында аудандық семинар кеңесі өтті. Аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Жәнібеков модераторлық еткен семинарға облыстық білім басқармасының балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Ш.Жүнісова, облыстық оқу орталығының бөлім меңгерушісі Н.Раханова, «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының басшысы Ғ.Сәулебек және білім мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қатысты.
– Балалар мен жасөспірімдер – әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздықтан ең көп дәрежеде зардап шегетін азаматтардың санаты. Сондықтан бала құқығы мәселесі өзекті емес мемлекет жоқ. Қоғам алдында тұрған күрделі мәселенің бірі – жасөспірімдерге қарсы жасалатын құқықбұзушылықтың негізгі себеп-салдарын анықтау, оның алдын алу және болдырмау, сонымен қатар, білім беру мекемелерінде тәрбие жұмыстарын жандандыру, ата-аналарға байланысты жұмыстарды жақсарту мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау. Аталған мәселелер бойынша алда бірлесе атқаратын жұмыстарымызды талқылау және тәрбие беру үдерісінде жіберіп алған кемшіліктерді түзеу мақсатында бүгінгі семинарды ұйымдастырып отырмыз, – деген Берік Съездұлы кеңестің негізгі мақсаты мен міндетін атап өтті.
Ең алғашқы баяндаманы облыстық білім басқармасының балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Шолпан Оралбайқызы «Білім беру ұйымдарында оқушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары» тақырыбында жасады. Ең алдымен, ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтап өткен баяндамашы балаларды зорлық-зомбылықтан сақтау керектігін айтты.
– Мұндай жағдай кездескен күннің өзінде зардап шеккен баламен ықтияттап жұмыс жүргізу керек. Ондай жағдайды дер кезінде анықтап және алдын алу қажет. Бұл жерде мәселенің бәрін тек мектеп психологына арту дұрыс емес. Қоғам болып баланың психологиясы сау болуына әрекет ету керек. Суицидтің алдын алу, зорлық-зомбылықты болдырмау мәселелерінде мамандар арнайы Заң жобалары мен негізгі әдіс-тәсілдерді негізге алуы маңызды, – деді Ш.Жүнісова.
Одан кейін сөз алған облыстық оқу орталығының бөлім меңгерушісі Н.Раханова «Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары» тақырыбында баяндама жасап:
– Қазіргі қоғамда балалардың психологиялық қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мәселесі ең өзекті. Сондықтан оқушылардың білім ордасындағы психологиялық қауіпсіздігі мәселесі қарастырылып, қауіп төндіретін жағдайларға талдау жасалып отыруы қажет. Педагогтар мен психологтар осы мәселені жете зерттеп, психологиялық тұрғыда сауатты болуы, оны шешудің тиімді жолдарын анықтай білуі тиіс, – деді.
«Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының басшысы Ғалымжан Бекмырзаұлы «Ата-ана мен мектеп байланысы» тақырыбында тыңдарманға мол ақпарат бере отырып, қоғамдық бірлестіктің негізгі қызметтеріне тоқталып өтті. Ал №147 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Тлеубергенова «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты баяндамасында М.Жұмабаевтың «Әрбір елдің келешегі – мектебіне байланысты» деген аталы сөзін негізге алды. Кәмелетке толмаған балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу турасында аудандық жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Н.Қасымханов толық ақпарат берді. Содан кейін отбасын жоспарлау мейірбикесі Р.Үсенбай оқушылар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу шаралары туралы сөз қозғады.
Келешек ұрпақ тәрбиесін талқылау мақсатында ұйымдастырылған семинар кеңесте осылайша бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Жиынға қатысушылар ұсыныстарын жолдап, пікір алмасты.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ