ӨЗІНЕ ЕРЕКШЕ ҰНАҒАН БІР ЕСІКТІ ТАҢДА
1: Билікке ұмтылғыш болып келеді. Оған күш-қайраты да, ойы да жетеді. Мансапқа жету жолында өзгенің айтқан сақтығын да ескер¬мейді. Шығармашылық ой¬лау қа¬білеті өте жоғары. Кез келген жағ¬дайдан шығудың жолын табады. Барға мақтанбайды, жоққа мойы¬майды. Кейде «бірінші» болу үшін өзгені құрбандыққа шалып жі¬береді.
2: Мінезіндегі ерек¬ше¬лік – ынтымақтастық. Олар жақ¬сы жар, сыйлас әріптес, сырлас дос болуға икемді. Екінші жақтың пікірімен есептесіп отырады. Бұл құлдық психология емес, бірақ кейде оны түсінбегендер оны өзіне тәуелді еткілері келеді. Өзгенің тапсырмасын өте ыждағатты орын¬дайды, осы мінезінің арқасында өзіне орынтақ жасайды.
3 Достары көп, кө¬ңілділіктің билігінде көп тербеліп жүреді. Олар «ортаның тұздығы», олардың төңірегінде адамдар көп жүреді. Табиғатынан тартымды, сүй¬кімді, өздері де осы жақсы қа¬сиеттерінің арқасында жақсы көрі¬нетіндіктерін біліп, сол арқылы көрінгілері келеді. Олар жан-жақты, көп нәрсені істей алады, бірақ ең негізгісін таңдай алмайды.
4: Еңбекқор, мықты адамдар. Қоғамдық қарым-қаты¬настардың барлығының негізін қа¬лаушы. Мақсатқа жетудің қысқа жо¬лын таңдамайды. Жаны тәртіп¬тілікті қалайды. Кез келген мәсе¬лені соңына дейін шешуді жақсы көреді. Тәртіпсіздік пен бей-бере¬кетсіздікке жаны қас. Іскер, тап¬сырманы ақыл мен қисынға салып оңай орындайды, сирек қателеседі. Өте адал, сенімді, айналасын¬да¬ғы¬лардан да соны талап етеді. Әділет¬сіздікке жаны төзбейді.
5: Мінезіне – өзгеріп тұру тән. Көп саяхаттағанды ұна¬тады. Қызығушылығын, өмірге көз¬қарасын жиі-жиі өзгертіп, із¬дену үстінде болады. Тұрақсыз¬ды¬ғы да бар. Өмірдің барлық қызығын көріп қалғысы келеді. Қаруы – сөз. Сөзге қатысы бар барлық салада өзін сынап көреді. Ойы жүйрік, әзілге шебер. Бірақ кейде осы қабілетін өзгелерді тұқырту үшін пайдаланады. Жұмыс орнында да көп отырмайды.
6: Білімді, адамгер¬ші¬¬лігі мол, үйге сыйымды жан. Қай¬да жүрсе де тыныштық пен үйлесім¬ділікті сақтап отырады. Оны өмір сүрудің өлшемі деп ұға¬ды. Махаб¬батқа ерекше құрметпен қарайды. ¬Өз отбасына қарым-қа¬ты¬насын осы негізде құрады. Жа¬қындары¬ның өмірін де жайлы етуге ты¬рысады. Оның көп жауапкерші¬лігін өз мойнына алады.
7: Ойлауға бейімді. Кез келген нәрсені ұсақ-түйегіне дейін ой елегінен өткізеді, сон¬дық¬тан ол сырт адамға сылбыр, түсі¬ніксіз көрінеді. Өз сезімін сыртқа шығармайды. Өнер «тілін» жақсы түсінеді. Адам қабілеті жетпейтін нәрселердің жауабын жиі іздейді. Философиямен айналысады.
8: Ақшаға байла¬ныс¬¬ты істері өркендейді. Даңқ пен бай¬лыққа жақын жүреді. Мате¬риал¬дық жағдайы үстем болады. Адам¬дардың жан дүниесін түсі¬неді, оларға қиналған күндері қол ұшын беруге даяр тұрады.
9: «9» – метафизика мен философияның саны. Сана¬ның жоғары деңгейіндегі адам. Ке¬меңгер. Саяхаттағанды ұнатады. Мінезін өзгерістер қалыптастыра¬ды. Барлық ұлт пен ұлыстардың әдет-ғұрпын білуге құлшынады. Ел билеушіге тән табандылық пен төзімділікті игерген.
10: Күш-қуаттың қой¬масы іспеттес. Ақылды, күшті, шығармашылық қабілеті жоғары. Жолындағы кедергілерді оңай жеңеді. Жеңілістің өзін жеңіске айналдырады. Оны іскерлік қабі¬леті мен басшылық пайымы үшін ұнатады. Билігін білек күшімен ше¬шуге тырысатын кездері де аз емес. Оны сырт көзден жасыруға тырысқанымен, байқалып тұрады.
Пікір 2