Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Диқандар мерейі таситын шақ

Диқандар мерейі таситын шақ

Қыркүйек айының алғаш­қы онкүндігінде аудандағы бірқатар шаруашылықтар егін­ге орақ түсірді. Берекелі алтын күзде жаз бойы ты­нымсыз еңбек еткен ди­қандар мен еңбеккерлер жай­­қалған ақ күрішті ысырапсыз жинап алудың қа­мы­на кірісті.

Ақиық ақын Асқар Тоқмағамбетов ауылындағы «А.Тоқмағанбетов Жер» ЖШС-де егінге орақ салу рәсімі өтті. Оған аудан әкімі Мұрат Ергешбаев, ең­бек ардагерлері, шаруашылық төра­ғалары мен қызметкерлер қатысты.

Науқандық жұмыс басталар шақ­та аудан басшысы егін еккеннің мерейі үстем екенін атап, шаруаларға құт­тық­тау лебізін жеткізді.

– Ауданда Сыр күрішін егетін ірі шаруашылықтар жұмысы жолға қойы­лып, шаруасы шираған. Солардың қа­тарындағы «А.Тоқмағанбетов Жер» ЖШС жыл сайын қамбаны астыққа толтырып, аудан мерейінің үстем болуына үлес қосуда. Биыл да шаруашылық диқандары мерей тұғырынан көрінеді деген сенімдеміз. Астықты шашпай-төкпей, ысырапсыз жинап алуға тілек­шіміз. Қамба дәнге толып, диқандар мерейі үстем болсын, – деді аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы.

Құттықтаудан соң кұрметті меймандар мен ауылдың еңбек ардагерлері алғашқы егін орағының лентасын қиып, астық­тың мол болуына ті­лектес­тік білдірді.

Айта кетейік, шаруашылық 54 адамды жұмыспен қамтып отыр. Биыл 500 гектар жерге күріш дақылы егіліп, 170 гектар ескі жоңышқа күтімге алынған.

Ердос БЕРКІНБАЕВ
10 қыркүйек 2022 ж. 588 1

Desiree от 9 маусым 2025 06:42
Thank you. Quite a lot of information! casino en ligne With thanks, I enjoy this! meilleur casino en ligne Thank you. Quite a lot of stuff! casino en ligne You made your point extremely effectively.! casino en ligne France Thank you. An abundance of advice! casino en ligne Factor well used.. casino en ligne Kudos! Wonderful stuff! meilleur casino en ligne You said it very well.. casino en ligne Cheers! Very good stuff. casino en ligne With thanks, I appreciate it. casino en ligne France