Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№50 газет

04 шілде 2026 ж.

№49 газет

30 маусым 2026 ж.

№48 газет

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Егінге орақ түсті

Егінге орақ түсті

«А.Тоқмағамбетов Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде егінге орақ салу рәсімі өтті. Ауыл халқы мен дала еңбеккерлері үшін қуанышты іс-шараға ауылдың қадірлі ақсақалдары мен диқандар қатысты.

Іс-шарада еңбек ардагері Оразалы Оразбаев жиналғандарға ақ батасын беріп, сәттілік тіледі. Лента қию рәсіміне ауданның Құрметті азаматы Злиха Сыздықова қатысты.

Салтанатты іс-шарада «А.Тоқмағамбетов Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының уақытша міндетін атқарушы Бақытжан Жақып шаруашылықтың қызметкерлері ала жаздай талмай еңбек еткенін айтып, ендігі мақсат алтын дәнді шашпай-төкпей жинап алу екенін атап өтті.

Карантин талаптары сақталып өткізілген іс-шара қатысушыларға қуаныш сыйлады. Лайым, егініміз бітік шығып, дала еңбеккерлерінің мерейі үстем бола берсін!
06 қыркүйек 2021 ж. 490 0