Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қазақстанда Жаңа Салық кодексі әзірленеді

Қазақстанда Жаңа Салық кодексі әзірленеді

Бүгінгі Үкімет отырысында Әлихан Смайылов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, сарапшылардың және бизнес өкілдерінің қатысуымен Жаңа Салық кодексін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлихан Смайылов Президенттің тапсырмасы бойынша Үкіметтің бюджеттік жоспарлауды реформалау бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатқанын еске салды.

«Мемлекет басшысы бюджеттік процестерді жеңілдету, бюджетті жоспарлау кезінде шекті нормативтерді бекіту, бюджеттік тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу, өңірлердің қаржылық тәуелсіздігін арттыру бойынша нақты міндеттер қойды. Бұл шаралар жүргізіліп жатқан бюджет саясатының тиімділігін және мемлекеттік шығыстардың нәтижелігін сапалы түрде арттыруға мүмкіндік береді»,  деді Премьер-Министр. 

Осыған байланысты Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне осы тапсырмаларды заң жүзінде бекіту мәселесін жедел пысықтап, жаңа Бюджет кодексінің жобасын әзірлеу тапсырылды.
03 қыркүйек 2022 ж. 639 0