Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяқ су мәселесі талқыланды

Аяқ су мәселесі талқыланды

Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев және тиісті сала басшыларымен Айдарлы ауылдық округін аяқ сумен қамтамасыз ету және егістік алқаптарды суландыру мақсатында «Ақ-арық», «Ақтам» каналдарының жай-күйін талқылады.

«Сырдариясушар» ӨУ-нің орынбасары М.Айтмұханов «Ақ-арық» каналының жалпы ұзындығы 21 шақырымына зерттеу-өлшеу жұмыстары жүргізіліп, аталған каналмен соңғы 10-15 жылдан бері толық су жіберілмей көміліп қалғандығын және Сырдария өзеніндегі судың жағдайын ескере отырып механикалық тазалау және гидротехникалық құрылыс салу жұмыстарын жүргізу тиімсіз екендігі жөнінде ұсынысын білдірді.


Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Жұмабеков елді мекенді аяқ сумен қамтамасыз ету үшін облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы 2022 жылы «Ақтам» каналының 6,7 шақырымының 3 шақырымына тазалау жұмыстары жүргізіліп, қосымша 3 дана СНП500/10 насос құрылғысы жеткізілгендігін айтып өтті. Нәтижесінде ауыл тұрғындары 83 гектарға картоп, көкөніс бақша дақылдарын орналастырды.


Жиын соңында аудан әкімі ауыл халқымен есепті кездесуінде айтылған ұсыныс-пікірін ескере отырып, күз айында тазалау қажет «Ақтам» каналының 3,7 шақырымын аталған каналдың бас сағасынан бастап тазалауға ауыстыру қажеттігі жөнінде тиісті сала басшыларына тапсырма берді.


Сырдария аудандық ауылшаруашылығы бөлімі


18 тамыз 2022 ж. 438 0