Шіркейліліктер кәсіпке құштар
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың бүгінгі кездесуі Шіркейліде ұласты. Ауыл тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Ауылдағы басқосуда тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Әсіресе, тұрғындардың кәсіп ашуға және мемлекеттік бағдарламаларды білу туралы ұсыныстары көп болды. Тиісті сала мамандарымен түсіндірмелер берілді.
Ауылдағы басқосуда тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Әсіресе, тұрғындардың кәсіп ашуға және мемлекеттік бағдарламаларды білу туралы ұсыныстары көп болды. Тиісті сала мамандарымен түсіндірмелер берілді.
«Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2533 бірлікті құраса, жұмыс жасап тұрғаны 2386, белсенділік көрсеткіші 94,5 пайыз. Сонымен қатар жыл аяғына дейін несиелендіруді қажет ететін құны 1,2 млрд.теңгені құрайтын 237 жобаның тізімі жасақталып, тиісті қаржы ұйымдарына ұсынылуда. Бұл жұмыстарға Шіркейлі ауылының кәсіпкерлері қатысуда. Дегенмен, ауыл әкімі әрбір кәсіп ашамын деген ауыл азаматын сүйемелдеп, барлық мүмкіндіктерді қарастырып, тиісті мемлекеттік қолдауларды түсіндіру керек. Әрбір кәсіпкер бұл өзін-өзі қамтыған, жұмыссыздық деңгейін төмендетін адам. Ол экономикамызға елеулі үлес қосады»,– деді аудан басшысы.
Мұрат Нәлхожаұлы шіркейліліктердің көтерген мәселелері назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Барлық ауылдағы мәселелер мен атқарылатын жұмыстарды қауымдастық жиындарында талқылап, тұрғындардың ұсыныстарын қатаң ескере отырып жұмыс жасауды ауыл әкіміне тапсырды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі