Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті журналистика саласының ардагерлері!

Қадірлі бұқаралық ақпарат құралдарының қызмет­керлері!

Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпа­рат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттық­таймын!

Қазір ақпараттық кеңістіктің жаңа кезеңі жылдамдықпен дамуда. Бұл – әрине, қаламгер қауымы мен баспа, телеарна, ғаламтор желісімен жұмыс істейтін қызметкерлердің тә­жірибесі, қарым-қабілеті мен дарыны, еселі еңбегінің жемісі. Журналист болу – халыққа қызмет ету. Сондықтан да журналистика саласына артылар міндет пен жүк жеңіл емес. Ой қуалап, сөз ұйқастыру, одан шымыр дүние жазып шығару –екінің біріне бұйырмаған асыл қасиет.

Алаш ардақтысы, көрнекті ағартушы Міржақып Дулатов «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы да мықты» деген болатын. Бүгін қалам ұстаған, сөз құдіретін түсінген жандардың ортақ мерекесі. Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, күнделікті болып жатқан жаңалықтар мен оқиғалар, рухани, мәдени көзқарастар, сыни пікірлер ақпарат құралдары арқылы елге жетіп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралы – қоғамды алға жетелеудің басты дәнекері. Осы орайда, мемлекетіміздің абыройын асқақтатып, жан-жақты дамуын, жетістіктерін насихаттауда журналистер қа­уы­мының рөлі қашан да жоғары. Еліміздің бүгіні мен ертеңін қалыптастыруда, тұрақтылығын қалыпты ұстауда айрықша маңызға ие. Қалың бұқара өздеріңізді еліміздегі төртінші билік санап, тегеурінді күш ретінде таниды. Бұл журналистердің билік пен халықты байланыстыратын мызғымас алтын көпір­дің қызметін атқаратынын айғақтайды.

Сіздердің қаламдарыңыздан туындаған дүниелер – өңірі­міз­дің тыныс-тіршілігінің айнасы, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болар ертеңгі тарихи шежіресі. Журналистика саласында халыққа кіршіксіз қызмет атқарып, үлкен құрмет пен ілтипат­қа ие болып жүрген аға буын – ардагерлерімізбен қатар, өз ісінің майталман маманы болып өсіп-өркендеп келе жатқан жас журналистердің де еңбектері ерен.

Қымбатты бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері!

Сіздер ақпарат айдынында заман көшінен қалмай, жа­ңа медианы меңгеріп, елдікті сақтау, азаттықты баянды ету жолында абыройлы қызмет атқарып келесіздер. Осы бағыт­тағы жұмыстарыңыз еселеніп, табысты да жемісті еңбек­теріңіз еленіп, алдағы мақсаттарға жету жолындағы жаңа биіктер мен шыңдардан көрінулеріңізге тілектеспін. Барша­ңызға зор денсаулық, шығармашылық шабыт, ұшқыр ой, отба­сыла­ры­ңыз­ға амандық тілеймін.

Мереке құтты болсын!


Құрметпен, Мұрат Ергешбаев,
Сырдария ауданының әкімі
28 маусым 2022 ж. 259 0