Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Аудан әкімі мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Бүгін аудан әкімі мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, мәдениет үйінде өткен салтанатты іс-шараға қатысты.

– Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Халыққа қызмет ету – әрбір азамат үшін абыройлы іс. Еліміздің гүлденуі мен экономикамыздың дамуы жолында мемлекеттік қызметшінің қосар үлесі ерекше.

Нақ осы тұста аудан бойынша салада жемісті еңбек етіп жүрген жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметкерлердің саны – 130-ды құрайды. Оның ішінде 50-і нәзік жандылар. Жалпы мемлекеттік қызмет саласында ең маңызды мәселе – персоналдың білімді әрі білікті болуы.

Биылғы жылы 3 қызметкер қайта даярлаудан өтсе, 20 қызметкер біліктілігін арттырды. Мұның бәрі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби сапасына, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына үлкен септігін тигізуде. Уақытпен санаспай ел үшін қызмет ету, оның ішінде ауданның дамуына үлес қосу – мерейлі міндет, зор абырой деп білемін, – Мұрат Нәлхожаұлы құттықтау сөзінде.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметтің түрлі саласында еңбек етіп жүрген мамандар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.



Аудан әкімінің баспасөз қызметі
23 маусым 2022 ж. 567 0