Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Аудан басшысы шетелдік инвесторлармен кездесті

Аудан басшысы шетелдік инвесторлармен кездесті

Кеше аудан әкімі Мұрат Ергешбаев аграрлық саладағы шетел инвесторларымен кездесті.

Украина ұлттық аграрлық ғылымдар академиясы күріш инстутының директоры Владимир Дудченко және аталған институттың күрішті зерттеу шаруашылығы бойынша директоры Андрей Борейко өңірге аграрлық саланы әртараптандыру бағыты бойынша арнайы ұсыныспен келген. Шетелдік ғалымдар бидай мен соя, жүгері, жоңышқа секілді дақылдарды егуге қолға алмақ. Сонымен қатар суды аз қажет ететін дақылдардың көлемін ұлғайтып, биылғы жылы сыныма ретінде 400 гектар алқапқа күздік бидай орналастыруға ұсыныс білдірді.

Шетелдік инвесторлар бүгінде «Жетікөл жері» шаруашылығымен серіктестік орнатып, аграрлы аймақтағы жаңа басталамаларды қолға алған.

Аудан басшысы Мұрат Нәлхожаұлы аталған ұсыныстарды қабылдап, тиісті сала басшыларына жұмыстарды бастау бойынша тапсырмалар жүктеді.





Аудан әкімінің баспасөз қызметі
22 маусым 2022 ж. 718 0