Қарағанды тұрғыны шұжықтың ішінен жіпке оралған темір тауып алды
Қарағанды тұрғыны дүкеннен сатып алған шұжықтан жіпке оралған темір тауып алды. Кінәсін мойындаған шұжықты өндіруші компания өтемақы ретінде пакет толы шұжық ұсынған. Бірақ әйел компанияны сотқа беріп, моральдық шығынға 10 миллион теңге өтемақы талап ететінін айтты.
Бұл туралы nv.kz жазды, деп хабарлайды Stan.kz.«Егер менің балам темірді жұтып қойса ше? Немен аяқталар еді? Қазір тауардың сапасына күмән келтірдім: олардың барлығы қаншалықты таза. Мен оларды лицензиясынан айырып немесе айыппұл салғым келеді. Мен бұл бір ғана оқиға деп ойламаймын. Көбіне адамдар үндемей, қоя салады», – дейді Зарина.
Өндіруші компания шұжықтың жіптермен бекітілген алюминий қыстырғыш екенін түсіндірді.
«Қыстырғыш қауіпті емес. Оны байқамай қалу мүмкін емес. Ол соншалықты байқамай жұтып қоятындай кішкентай емес», – дейді фирма директоры Екатерина Шелеметьева.
Бас технолог ашынған анадан кешірім сұрап, барлығын түсіндірді.
Бірақ әйел бәрі-бір өтемақы талап ететінін алға тартты.
“Әйел біздің өтемақымыздан бас тартып, 10 миллион теңге беруімізді талап етіп отыр. Бұл таза ақша бопсалау деп ойлаймыз”, – дейді шұжық цехының басшысы.