Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Паралимпиада ойындарында алтын медаль алған қазақстандық спортшыға пәтер беріледі

Паралимпиада ойындарында алтын медаль алған қазақстандық спортшыға пәтер беріледі


Қостанай облысында Паралимпиада жеңімпазы Александр Колядинға пәтер сыйлайды, - деп хабарлайды "Наша газета". Бұл туралы 19 наурызда өңір басшысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жиналысында айтты. 
Пхенчхандағы Паралимпиада ойындарында бір жарым шақырым спринтте алтын медальді жеңіп алған шаңғышыны бірнеше күннен соң туған жерінде салтанатты түрде күтіп алады. Әкімдіктегілер жергілікті бюджеттің арқасында 2015 жылы Александрдың тірсегіне протез салып берген. Ол соның арқасында спортпен айналысуды белсенді түрде дамытқан. Мұндай протез 1,9 миллион теңге тұрады. Биыл осы протезді алмастыруға да қаражат қарастырылған.
  Сондай-ақ 2017 жылы спортшы Кирилл Остапенкоға да көмек көрсетілген. 
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Александр Колядиннің басқаларға позитивті мысал бола алатынын айтады. Мүгедектерге спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын құруға мүмкіндік жасау керектігін айтады. 
2018 жылы 14 наурызда Александр Колядин қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан тарихында тұңғыш рет алтын медальді жеңіп алды. 
19 наурыз 2018 ж. 1 185 0