Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдум – дамудың жаңа парадигмасы

Референдум – дамудың жаңа парадигмасы

Қоғамдық формация өзгерген сайын жаңа реформа орнайтыны анық. Өйткені жаңа талаптарға сай адамдардың да өмір сүру дағдысы өзгереді. Ал өзгеріс бар жерде жаңашылдықтың болуы міндетті. Сондықтан республикалық референдум –жаңашылдықтың нышаны, дамудың жаңа парадигмасы саналады.

Ауданда референдумға байланысты қоғамдық негізде штаб құрылған болатын. Оның негізгі мақсаты – халық арасында Ата Заңымызға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіріп, оған аудан тұрғындарының өздерінің таңдау жасау керектігіне атсалысуды насихаттау. Осыған орай бүгін конституциялық өзгерістерге байланысты Сырдария аудандық "Тіршілік тынысы" газеті редакциясының ұжымы арасында талқылау өтті. Талқылау барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістердің бүгінгі қоғамға қажет екендігі айтылды.

Ата Заңымызда «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деген басты қағида бар. Соған орай қазақстандықтар еліміздің жаңа реформасын, яғни Конституцияның 33 бабына толықтырулар мен өзгертулер енгізуге өздері таңдау жасайтын болады. Президент Екінші Республиканың негізін қалайтын аса маңызды конституциялық реформаны ат төбеліндей аз топтың емес, бүкіл халықтың талқысына салуды жөн санады. Бұл құптарлық іс. Елімізде жалпыхалықтық референдум осымен екінші рет өткізгелі отыр. Бұл жолғы референдумның бұрынғыдан өзгерек екені айқын. Сондықтан сырдариялықтар бұған үлкен жауапкершілікпен атсалысуы қажет!

Ердос БЕРКІНБАЕВ
19 мамыр 2022 ж. 678 0