Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Ауданымызда жаңбырлатып суару әдісімен жоңышқа егілді

Ауданымызда жаңбырлатып суару әдісімен жоңышқа егілді

Биылғы жылы да Сырдария өзенінде су тапшылығы қайталанады деген болжамға байланысты Сырдария ауданы А.Тоқмағанбетов ауылдық округіне қарасты «ISO-agro» шаруа қожалығы жанбырлатып суару әдісі арқылы Елтай каналының бойынан 35 гектар жерге жоңышқа дақылын егуде.

Тың әдісті пайдаланудағы басты мақсат – суды үнемдеу технологиясымен мал азықтық дақыл дайындау.

Былтырғы жылы «Елтай» каналынан жаңадан 1,5 шақырым каналды өз күшімен қазып, 35 гектар жерді ашу және қоршау жұмыстарын жүргізіп, құны 3,0 млн. теңгені құрайтын Ресей Федерациясынан құрал-жабдықтарын сатып алып, пайдалануда.






Сырдария ауданының әкімдігі

06 мамыр 2022 ж. 897 0