Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Туған жерге тағзым

Туған жерге тағзым

Өткен аптада Қызылорда облыстық әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен Сырдария ауданына төркіндеу салты негізінде «Туған жерге тағзым» тақырыбымен әйелдер форумы өтті.

Қазақ халқының көптеген ұлттық салт-дәстүрінің бірі – төркіндеудің мән-мағынасы мен жолы айрықша. Елін сағынып, төркіндеп келген қыз­дарын жұрты құрмет тұтып, төрден орын ұсынған. Жарасымды кәдесін жасаған. Тәлім-тәрбиесі мол салт-дәстүрді жалғастырған Сырдария ау­данынан түлеп ұшқан бір топ әйел-­аналар туған жерге сағынысып жет­ті. Олардың арасында қоғам қайрат­керлерінен бастап республика, облыс көлемінде жауапты қызмет атқарып жүрген және өз саласы бойынша ұзақ жылдар бойы абыроймен қызмет жа­саған, бүгінде зейнет демалысына шық­қан әйелдер қауымы бар.

Төркіндеу делегациясын аудан әкі­мі М.Ергешбаев қабылдады.

– Бүгінде әйелдердің қоғамдық жұ­мыс­тарға белсене араласып, әлеу­мет­тік мәселелердің шешімін табуға атсалысуы таңсық емес. Еліміздің да­муына өзіндік үлес қосуда. Олар өз­­дерін білім беру, медициналық қыз­мет көрсету және басқа саладан бө­лек, кәсіпкерлікте де белсенді жұ­мыс атқарып келеді. Нәзік жандылар жұмыспен қатар отбасы шаруасын да қатар алып, жанұяның ұйытқысы болуда, – деді аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы.

Кездесуде «Ұрпақтан – ұрпаққа» қо­ғам­дық бірлестігінің жетекшісі Ал­магүл Божанова, Қызылорда об­лыс­­тық әйелдер кеңесінің төра­йымы Рай­күл Байназарова отба­сылық құн­ды­лықтарды насихаттау, гендер­лік саясатты жүзе­ге асыру іс-ша­расының негізгі мақса­тына тоқталып, аудан әкіміне риза­шылық біл­­дірді.
Кездесуден соң форумға қатысу­шылар аудандағы «Еңбек даңқы» му­зейі­мен танысты. Содан кейін қо­нақ­тар мәдениет үйінің дәлізінде жер­ле­сіміз, қолөнер шебері Айдана Әлай­дарова ұйымдастырған көр­ме­­ні тамашалады. Көрмеге шебер өз қо­лы­мен жасаған бұйымдарын әкелген.

Форумның ашылуында облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова іс-шараны өткізудегі не­гізгі мақсатқа тоқталды.

– Ауқымды форумға облыс кө­ле­мінде қызмет етіп жүрген сыр­дария­лық әйелдер туған жерге тағзым ету мақ­сатымен келді. Жалпы әйел қауымы ара­ласпайтын сала жоқ. Со­ның ішінде сырдариялық әйелдер қауымы көптеген жетістіктерге жет­ті. Ол үшін ең алдымен ата-ана­мыз­ға, туған жерге алғыс айтамыз, – деген Р.Мансұрқызы ақын, рес­пуб­лика мақтанышы, алғашқы гимн авторларының бірі Жадыра Дәрі­баеваның туған жерге жолда­ған сә­лемін жеткізіп, ақынның аудио­жаз­бадағы жыры тыңдалды.

Туған жерге тағзым ету­ге келген бір топ әйелдер қауы­мы көпшілікке та­ныстырылды. Олар­­­дың қата­рында қо­ғам қайрат­кері Ал­магүл Божанова, ар­да­гер-­ұстаз Тұрар Маханова, облыс­тық Ассамблея жанындағы Ана­лар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова, облыстық телеарна ди­­рек­­­­торының орынбасары Ай­сұлу Қасы­мова, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіп­одақ комитетінің төрайымы, об­лыс­тық мәслихат депутаты Гүлнәр Есқа­лиева, облыстық мәслихаттың депутаты, «Қазпошта» АҚ Қызылорда облысы филиалының директоры Аи­да Әбибуллаева, облыстық Ассамблея жа­нындағы Аналар кеңесінің мү­шесі Нұрсәуле Мусаева, «Amanat scho­ol» мек­тебінің ди­ректоры Баян Сүю­­­ба­ева, дә­рігер-стоматолог Гүл­сім Алаш­­баева, Қорқыт ата атын­да­ғы университетінің аға оқытушысы, педагогика ғы­лым магистрі, Қазақстан қо­л­­­­­­­­ө­нер­­­­­шілер одағының мүшесі Айдана Әл­ай­дарова, қолөнер шебері, жеке кәсіпкер Аида Керімқұлова, Қорқыт ата атындағы университтің оқы­тушысы, өлкетану ғылымының кандидаты Гүлнәр Ысқақова, №4 С.Сей­фуллин атындағы дарынды балалар мектебінің директоры Қарлығаш Ақышева, «Атамекен» биз­нес теле­ар­­насының Қызылорда облы­сы бо­йынша меншікті тілшісі Шарипа Сақ­тапова, Қызылорда қа­ласын­дағы Т.Жүр­генов атындағы №136 мек­­теп­-лицей директоры Жанат Камит­бекова, С.Майханова атын­дағы мә­дениет үйінің директоры Толқын Жа­на­хметовСонымен қатар құрметті қонақтар қатарында жыршы, әнші, ел мақтанышы Ұлжан Байбосынова, Қызылорда об­лысы әкімдігі жанындағы әйелдер отбасы және демография жөніндегі комиссиясының хатшысы Қаламқас Каримова да болды. Салтанатты ашылуда қоғам қайраткері А.Божанова, еңбек ардагері А.Бақтиярова жүрекжарды лебізін біл­дірді.

Форум жұмысы жеті секция бойынша жалғасты. Атап айтқанда, «Әйелдер кеңесінің қоғамдағы орны», «Әйелдердің қоғамдағы рөлі», «Сыр аналары – бірлік пен бейбітшіліктің бастауы», «Ана мен бала денсаулығы», «Көшбасшы әйелдер мектебінің бастауы», «Әйел құқығы – қоғам назарында», «Дарынды балаларды дамытудағы ерекшеліктер, ізденістер мен нәтижелер» тақырыбында талқылау өтіп, пікір алмас­ты.
Форумның салтанатты жиынында аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев құттықтау сөз сөйледі.

– Әлемдегі бар жақсылық пен ізгілік, отбасының беріктігі мен берекесі, елдің бірлігі мен болашағы әйел-аналарға тікелей байланысты. Себебі Отан – отбасынан бас­талады. Еліміздегі барлық отбасы берік, берекелі болғанда ғана мемлекетіміз де мықты болмақ. Қазіргі таңда ер азаматтармен бірге жа­уапты қызметте жүрген, қоғамдағы игілікті істердің басында болып, өздеріне жүктелген жауапкершілік жүгін көтере білген әйел азаматтарымыздың еңбегі ерекше құрметке лайық. Ауданда мемлекеттік қыз­метте, денсаулық сақтау, білім беру саласы, құқық қорғау органдарында және басқа да салаларда қызмет етіп жатқан әйел-аналар өз міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Атқарушы билік пен қоғам арасында алтын көпір саналатын үкіметтік емес ұйымдарында да әйелдердің белсенділігі жо­ғары. Осы орайда, қоғам мен мемлекет дамуына бел­сене араласып жүрген барша әйел-аналарға зор алғысымды білдіремін, – деді Талғат Мейрамханұлы.

Аудан әкімінің орынбасары облыстық әйелдер кеңесінің ұйымдастырумен «Төркіндеу» салты не­гізінде ұйымдастырылған іс-шараға Cырдария елінің топырағынан шыққан, қазіргі уақытта Қызылорда қаласында тұратын елге белгілі тұлғалар, жерлес әйел азаматтар келгенін атап өтті.

Мерекелік концертке ұласқан жиын аудан өнер­паздарының сахналық қо
йылымымен, ән-шашуымен басталды. Жиналған көпшілікке арналған жылы лебіздер, мерекелік құттықтаулар айтылды. Жи­налған көпшіліктің алдында Р.Байназарова, А.Бо­жанова, Р.Ахметова бүгінгі өткен іс-шара облыс кө­лемінде әрбір ауданда ұйымдастырылып келе жатқанын айтты. Қоғамда белсенділігімен қызмет атқарып жүрген әйел-аналардың рөлі мен орны туралы, өнегелі өмірі мен ұлттық құндылықтар туралы ойларымен бөлісті. Бейнебайланыс арқылы Сырдарияның тумалары, эстрада әншісі Жеңіс Ысқақова, белгілі тележурналист Нұрсұлу Қасымова ыстық сәлемдерін жолдады.

Айта кету керек, ауданда «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жан­­әлиеваның жетекшілігімен аудан әйелдері қо­ғамдық іс-шараларға белсенді атсалысып келеді.

Мерекелік кеш барысында Сыр елінің мақтанышы, өнер иесі Ұлжан Байбосынова терме орындап, жырмен сусындатты. Сонымен қатар ұлттық нақыштағы киімдер мен бұйымдар тігудің хас шебері, кәсіпкер Аида Керімқұлованың, қолөнер шебері Айдана Әлай­дарованың сән үлгілері көрсетілді. Форум со­ңында қасиетті Рамазан айының құрметіне ауызашар берілді.а, ақын, Қа­зақстан Жазу­шы­лар одағының мү­шесі Толқын Қа­былша бар.

Сонымен қатар құрметті қонақтар қатарында жыршы, әнші, ел мақтанышы Ұлжан Байбосынова, Қызылорда об­лысы әкімдігі жанындағы әйелдер отбасы және демография жөніндегі комиссиясының хатшысы Қаламқас Каримова да болды. Салтанатты ашылуда қоғам қайраткері А.Божанова, еңбек ардагері А.Бақтиярова жүрекжарды лебізін біл­дірді.

Форум жұмысы жеті секция бойынша жалғасты. Атап айтқанда, «Әйелдер кеңесінің қоғамдағы орны», «Әйелдердің қоғамдағы рөлі», «Сыр аналары – бірлік пен бейбітшіліктің бастауы», «Ана мен бала денсаулығы», «Көшбасшы әйелдер мектебінің бастауы», «Әйел құқығы – қоғам назарында», «Дарынды балаларды дамытудағы ерекшеліктер, ізденістер мен нәтижелер» тақырыбында талқылау өтіп, пікір алмас­ты.

Форумның салтанатты жиынында аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев құттықтау сөз сөйледі.

– Әлемдегі бар жақсылық пен ізгілік, отбасының беріктігі мен берекесі, елдің бірлігі мен болашағы әйел-аналарға тікелей байланысты. Себебі Отан – отбасынан бас­талады. Еліміздегі барлық отбасы берік, берекелі болғанда ғана мемлекетіміз де мықты болмақ. Қазіргі таңда ер азаматтармен бірге жа­уапты қызметте жүрген, қоғамдағы игілікті істердің басында болып, өздеріне жүктелген жауапкершілік жүгін көтере білген әйел азаматтарымыздың еңбегі ерекше құрметке лайық. Ауданда мемлекеттік қыз­метте, денсаулық сақтау, білім беру саласы, құқық қорғау органдарында және басқа да салаларда қызмет етіп жатқан әйел-аналар өз міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Атқарушы билік пен қоғам арасында алтын көпір саналатын үкіметтік емес ұйымдарында да әйелдердің белсенділігі жо­ғары. Осы орайда, қоғам мен мемлекет дамуына бел­сене араласып жүрген барша әйел-аналарға зор алғысымды білдіремін, – деді Талғат Мейрамханұлы.

Аудан әкімінің орынбасары облыстық әйелдер кеңесінің ұйымдастырумен «Төркіндеу» салты не­гізінде ұйымдастырылған іс-шараға Cырдария елінің топырағынан шыққан, қазіргі уақытта Қызылорда қаласында тұратын елге белгілі тұлғалар, жерлес әйел азаматтар келгенін атап өтті.

Мерекелік концертке ұласқан жиын аудан өнер­паздарының сахналық қойылымымен, ән-шашуымен басталды. Жиналған көпшілікке арналған жылы лебіздер, мерекелік құттықтаулар айтылды. Жи­налған көпшіліктің алдында Р.Байназарова, А.Бо­жанова, Р.Ахметова бүгінгі өткен іс-шара облыс кө­лемінде әрбір ауданда ұйымдастырылып келе жатқанын айтты. Қоғамда белсенділігімен қызмет атқарып жүрген әйел-аналардың рөлі мен орны туралы, өнегелі өмірі мен ұлттық құндылықтар туралы ойларымен бөлісті. Бейнебайланыс арқылы Сырдарияның тумалары, эстрада әншісі Жеңіс Ысқақова, белгілі тележурналист Нұрсұлу Қасымова ыстық сәлемдерін жолдады.

Айта кету керек, ауданда «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жан­­әлиеваның жетекшілігімен аудан әйелдері қо­ғамдық іс-шараларға белсенді атсалысып келеді.

Мерекелік кеш барысында Сыр елінің мақтанышы, өнер иесі Ұлжан Байбосынова терме орындап, жырмен сусындатты. Сонымен қатар ұлттық нақыштағы киімдер мен бұйымдар тігудің хас шебері, кәсіпкер Аида Керімқұлованың, қолөнер шебері Айдана Әлай­дарованың сән үлгілері көрсетілді. Форум со­ңында қасиетті Рамазан айының құрметіне ауызашар берілді.


Бибісара ТАҢАТАРҚЫЗЫ
26 сәуір 2022 ж. 416 0