Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ғашықтар кеші көңілді

Ғашықтар кеші көңілді

Газетіміздің №28 санында «15 сәуір – ғашықтар күні» аясында «Ең әде­мі жұп» және «Ең қызықты махаббат хикаясы» номинация­­­сы бойынша ұйым­дастырылған байқау туралы «Қызықты махаббат оқиғасы» тақырыбында ма­қала жариялаған болатынбыз. Өткен жұмада байқаудың қорытындысы шы­ғарылып, жеңімпаздар анықталды. Ұлттық ғашықтар күнінде аудандық жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен мерекелік кеш өткізілді.

Аудан жастары Жаппасбай Нұрсейітов атындағы орталық саябақта бас қосты. Көңілді кешті аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ғ.Оралов ашып, жастарды мерекемен құттықтады.

– «15 сәуір – Қозы Көрпеш – Баян сұлу ғашықтар күнімен» Сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Айтулы күнді жарасымды жұптар, жастар ерекше атап өтеді. Мәңгілік махаббатарына берік жұптардың ғұ­мырнамасында қызықтты сәттер орын алады. Қыз бен жігіт ретінде сөз байласқан жастар отбасылық өмірге қадам басады. Тарихта махаббат оқиғалары баянды және сәтсіз аяқталған ғашықтарымыз жеткілікті. Бұл мерекені ерекше форматта өткізу мақсатында жиналып отырмыз. Барлық жастардың ұлттық мерекені жақсы өткізуіне тілекшіміз, – деді Ғани Оралов.

Мерекелік кеште жастар ән айтып, би биледі. Сонымен бірге кеш жүргізушілері Нұржан Сейтжанов пен Әділ Ерғали жиналған көпшілік арасында ойын ойнатты. Өз кезегінде «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі жас жұптар арасындағы жеңімпаздар жарияланды. «Ең қызықты махаббат хикаясы» номинациясы бойынша Өркен мен Ақтолқын жұбы, «Ең әдемі жұп» номинациясы бойынша Қыдыр мен Фариза жұбы жеңімпаз атанды. Қос жұпқа арнайы сертификат табысталса, жеребе арқылы бірнеше жұпқа тәтті торттар берілді.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
19 сәуір 2022 ж. 915 0