Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Аmanat»: Жол картасы толыққанды орындалуы тиіс

«Аmanat»: Жол картасы толыққанды орындалуы тиіс

Аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракция мүшелерінің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі М.Ергешбаев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып, фракция мүшелері қатысты.

Фракция отырысында негізгі екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі аудандық жол картасының орындалуына арналды. Бұл бойынша аудан әкімі хабарлама жасады.

– 2021 жылдың қорытындысы бойынша Жол картасының орындалуы жоғары деңгейде болды. Яғни өткен жылға жоспарланған 64 шараның 63-і орындалды. Бағдарламаның салалары бойынша қарасақ, білім, мәдениет, спорт және жастар саясаты бағытындағы индикаторлардың жақсы орындалғаны көрінеді. Ал 2022 жылы барлығы 69 іс-шара орындалуы қажет, бірінші тоқсан қорытындысымен 15 іс-шара орындалған, 49 іс-шара орындалу үстінде, 5 іс-шараның орындалмау қаупі бар. Сондықтан фракцияның белсенділігін арттыру қажет. Мәслихат сессияларында бюджетті талқылау мен нақтылау барысында Жол картасына басымдықтар берілуі тиіс. Осыған орай Жол картасы іс-шараларына жауапты ретінде бекітілген депутаттар белсендігін арттырып, нақты әрі жүйелі ұсынымдар енгізгендеріңіз жөн, – деді М.Ергешбаев.

ендеріңіз жөн, – деді М.Ергешбаев. Күн тәртібінде қаралған екінші мәселе аудандық мәслихат депутаттарының рейтингісіне арналды. Партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып ақпараттық жүйедегі рейтинг қорытындысын жария етті. – Өздеріңізге белгілі, рейтингтік жүйені жүргізу үшін арнайы интернет пор­тал іске қосылып, әр депутатқа жеке кабинет ашылды. Депутаттық қызметтерді растау үшін материалдарды жүктеу және оны автоматты түрде бағалау 3 бағытта жүргізілуде. Фракция мүшелерінің белсенділігі жайлы мәліметтер алдағы уақытта ашық жарияланатын болады. Бүгінде аудандағы ең жоғары көрсеткіш 42,68 ұпаймен депутат А.Ибрагимұлына тиесілі болып отыр. Ал ең төмен көрсеткішке ие депутаттың белсенділігі небәрі 2,74 ұпайды құраған. Яғни депутаттардың белсенділігінде айырмашылық көп. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты жүйелендіру қажет. Депутаттар сайлау­шылармен тығыз байланыс орнатып, «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыруға міндетті, – деген Е.Жақып ережеге сәйкес депутаттардың рейтингтегі төмен көрсеткіштері олардың мандатын кері қайтаруға және партияның кадрлық резервін ротациялауға негіз болатынын ескертіп, аталған бағыттағы жұмыстарды күшейту керектігін айтты.

Негізгі баяндамалар тыңдалып, кеңінен талқыланғаннан кейін фракция мүшелеріне бірқатар маңызды тапсырма беріліп, тиісті қаулы қабылданып, орындалуы бақылауға алынды.

Расул ЕСЕНОВ,
облыстық мәслихат депутаты,
Nur Otan партиясының мүшесі



18 сәуір 2022 ж. 778 0