Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қызылорда: Базар бағасы бақылауда

Қызылорда: Базар бағасы бақылауда

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай бірқатар әлеуметтік дүкендер, бөлшек сауда желілері мен базардағы халық тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларын бағамдап көрді, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.

Азық-түлік қорына жауапты сала басшыларымен бірге дүкен сөрелерінде тұрған қант, ұн, картоп, жуа, сәбіз, қырыққабат сынды өнімдердің бағасын салыстырып, қажетті қор көлемін саралады.

Қайрат Нұртай Тұрақтандыру қорымен реттелетін 19 түрлі азық-түліктің шекті бағадан аспауын қадағалауды күшейтуді тапсырып, тапшылықты туындатпау қажет екенін еске салды. Сондай-ақ, аралау барысында базар мен дүкендер аумағын қоқыстардан тазартып отыруды қатаң ұстау қажет екенін тиісті мамандарға жүктеді.
17 сәуір 2022 ж. 464 0