Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Әлеуметтік дәріхана ашылды

Әлеуметтік дәріхана ашылды

Бүгінгі күнде қаржылық дағдарыстың әсері дәрі-дәрмектің қымбаттауына да түрткі болғанын айтып шағымданатындар аз емес. Ал қазіргідей дағдарыс жағдайында аудан тұрғындарын сапалы әрі төмен бағадағы дәрі-дәрмектермен қамтудың өте қажеттігі де күн сайын біліне түсуде.

Осы орайда Тереңөзек кенті орталығынан «Аптечка» деп аталатын әлеуметтік көтерме бағадағы алғашқы дәріхана ашылып, жергілікті тұрғындарды қолжетімді, яғни арзан әрі сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге кірісті. Жаңа нысан кенттегі Аманкелді көшесінің бойында орналасқан. (Қасым-Жомарт дүкеніне қарама-қарсы)

Мұндағы дәрі-дәрмектің бағасы тұрғындарға қолжетімді, нарықтағы бағадан 20 пайызға арзандатылып сатылуда. Әлеуметтік жеңілдік барлық сатып алушыларға бірдей жүргізіледі, тұрғындар дәрі-дәрмекті алу үшін ешқандай құжат керек емес.

Айта кетейік, аталған дәріхананың желілері Қызылорда қаласында және барлық аудандарда ашылған. Дәріханада ауданның 3 тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

12 сәуір 2022 ж. 627 0