Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Орман және даланы өрттен қорғайық

Орман және даланы өрттен қорғайық

Көктем-жаз айларында қатты ыстықтан шөп қурап, өртену қаупі туатыны белгілі. Далалы алқаптардың, ша­бын­дық жер­лердің және жайылымдық жерлердің өртке орануына адамдар да себепші болып жатады.

Орман, дала өрті абайсыз жағылған оттан пайда болады. Орман, да­ла өрті көбінесе құрғақшылық мезгілде, ерте көктемде және күз­де орын алады. Адамдардың далалық жерде демалып, ашық отты пайдаланудағы аңғалдықтары төтенше жағдайға душар етеді.

Орман және дала өрттерінің бо­луының ең көп се­бептері:
– ауыл шаруашылығы қалдықтарын өр­теген кезде қауіп­сіздік талаптарының бұзы­луынан;
– сөндірілмеген шылым немесе сіріңке;
– күннің көзі түсетін жерге тасталған шыны сыны­ғынан түскен күн сәулесінен жа­нуы.
Қызылорда облысындағы құрғақ және желді климат, шөптесін өсімдіктердің көп болуы, дала өртінің тез өріс алуы­на мүмкіндік туғызады. Ауқымды емес дала өртін сөндіру үшін қажетті іс-шаралар – желдің бағытын және өрттің таралу жылдамдығын анықтау, тұрғындарға ескерту, көмекке шақыру үшін жақын жердегі ауылға хабаршы жіберу керек. Отты топырақпен көміп үстіне су құю, кішігірім отты таптау, өрт сөнгеннен кейін кетуге асық­пай, қайта тұтанбайтынына көз жеткізу де маңызды.
Егер өрт аумағында болсаңыз өзіңіздің күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаса, оның таралу бағытын және шығу бағдарын анықтап құтқару қызметіне «101», «112» нөмірі арқылы хабарлаңыз.
Сіздерден табиғатта осы қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз. Сонда ғана да­ла және орман ал­қаптарын өрттен сақтап қаламыз.
Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімінде 21-4-94 нөмірлі сенім телефонына хабарласуларыңызға болады.
Есіңізде болсын, Қазақстан Республика­сының Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу немесе орындамауы бойынша әкімшілік жаза көзделген.

Сырдария аудандық
төтенше жағдайлар бөлімі

29 наурыз 2022 ж. 538 0