Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Биыл «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы көпірдің құрылысы аяқталады

Биыл «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы көпірдің құрылысы аяқталады

Шаһардағы «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы автомобиль көпірінің құрылысы биыл аяқталады деп жоспарлануда. Былтыр «Оң жақ магистральды» каналы арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылысына жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дархан Бақтияров мәлімдеді.

- «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы автомобиль көпірінің құрылысына қалалық бюджеттен 16,4 млн.теңгеге жуық қаржы бөлінді. Сонымен қатар «АлматыДор Проект» ЖШС келісім шарт жасалып, жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптаманың қарауына жолданды. Оң қорытындысы шыққаннан кейін республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлу үшін өтінім ұсынылатын болады. Бұл өтінім толық мақұлданса көпірдің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі, - деді Дархан Бақтияров.
28 наурыз 2022 ж. 718 0