Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық көліктердің жол сызбасы ұзартылды

Қоғамдық көліктердің жол сызбасы ұзартылды

Шаһарда қалаішілік 26 бағытта және қала маңындағы ауылдық окуругтер мен саяжайларға қатынайтын 400-ге жуық қоғамдық көлік қызмет көрсетеді. Қала көлемінде қоғамдық көліктердің жол сызбасына бірқатар өзгерістер еніп, қалаға қарасты мөлтек аудандар мен саяжайлар қамтылмақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бауыржан Оспанов хабарлады.

-Қызылорда қаласы көлемінде бағыттардың жол сызбасы тұрғындардың сұранысына байланысты ұзартылды. Яғни, жаңадан бой көтерген мөлтек аудандар мен шалғай орналасқан елді мекендерді қоғамдық көлікпен қамту мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған болатын. Жол сызбасын оңтайландыру жұмыстары барысында Белкөл, Байтерек, Саяхат мөлтек аудандары мен ПМК-29, ПМК-66, Сабалақ саяжайлары толық қоғамдық көлікпен қамту мақсатында тиісті шаралар атқарылуда. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-дегі 112 дана автобусқа электрондық төлем жүйесі орнатылған. Қазіргі таңда, жеке серіктестіктер электронды төлем жүйесін орнату үшін «Alempay» ЖШС-мен келісім жүргізілуде, -деді Бауыржан Оспанов.

-«Қызылорда Автобус паркінің» қармағында 135 қоғамдық көлік бар. Оның 48-і ескіруіне байланысты жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 45-50 автобус тұрғындарға қызмет көрсетіп, бес бағыт бойынша қоғамдық көліктер қамтылған. Оларды толық қамтамасыз ету үшін субсидия қарастырылған. Биыл қосымша 20 шақты автобус жолаушылар тасымалына қосылады деп жоспарлаудамыз, - деді «Қызылорда Автобус паркі» ЖШС директоры Руслан Ерсұлтанұлы.
27 қаңтар 2022 ж. 345 0