Қызылорадада биыл 98 тұрғын үй салынады
Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына 7 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов мәлімдеді.
Жыл ішінде 2172 пәтерлік 98 тұрғын үйдің құрылысы салынады. Халықтың әлеуметтік осал топтары мен көп балалы отбасылар үшін 342 пәтер сатып алынады. Оған бюджеттен 2,9 млрд теңге бөлінді. Баспананың 192-сі қала, қалғаны аудан тұрғындарына беріледі. Жалға берілетін 95 тұрғын үй салу жоспарлануда.
- Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында 75 пәтерлі 41 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Кредиттік тұрғын үйлер бойынша барлығы 665 пәтерді құрайтын 38, жеке қаражат есебінен 220 пәтерді құрайтын 6 тұрғын үйдің құрылысы салынады. Жалпы облыста биыл 644,7 мың шаршы метр көлемінде тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып отыр, - деді басқарма басшысының орынбасары.