Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сұлу-ай» өнер орталығы – таланттар шеберханасы

«Сұлу-ай» өнер орталығы – таланттар шеберханасы

«Өнер – өнегелі, ақылды, адамды тәрбиелейтін құрал». Иә, өнерді игеремін деген адамға ешбір тұсау қоюға болмас. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы айтпақшы, «Мал жұтағанмен, өнер жұтамайды. Ғасырлар тоғысында жаңа заман адамдарымен қайта түлеп, жанданып, жасарып отырады. Міне, біз ата-баба мұра еткен ұлық өнерімізді жаңғырта білсек, өскелең ұрпақтың саналы адам ретінде қалыптасуына жол ашқандығымыз.


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» тақырыбындағы Қазақстан Жолдауында  «Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет. «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді». деген болатын. Мемлекет басшысының Жолдауы негізінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы бұйрықтары аясында «Сұлу-ай» өнер орталығы Сырдария ауданында ашылған болатын. Жас талантарды тәрбиелейтін «Сұлу-ай» өнер орталығы аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың қолдауымен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйытқы болуымен өз жұмысын бастады.
Қазіргі таңда «Сұлу-ай» өнер орталығында 27 үйірме жұмыс жасайды. Атап айтар болсақ, Айдарлы ауылында «Эстрадалық вокал», «Шешендік өнер», «Прима», «Бисермен өру», «Домбырамен ән салу» «Көркем оқу» «Ұлттық би» «Кескіндеме сурет салу» үйірмесі шәкірттерін қабылдауға дайын. Сонымен бірге, Жетікөл ауылындағы «Ұлттық би», «Эстрадалық вокал» үйірмесі арқылы жас таланттардың жұлдызын жағатын боламыз. Ал, Бесарық ауылы «Ұлттық би» үйірмесімен, Шіркейлі ауылы «Домбырамен ән салу», үйірмесімен, Ақжарма ауылы «Ұлттық би», «Эстрадалық вокал» үйірмесімен, Нағи Ілиясов ауылы «Домбыра», «Ұлттық би», «Хормен ән салу», «Эстрадалық вокал» үйірмесімен, Асқар Тоқмағамбетов ауылы «Ұлттық би», «Эстрадалық вокал», «Домбыра» үйірмесімен, «Іңкәрдария ауылы «Домбыра», «Көркем оқу», «Пернелі аспаптар», «Оркестр ансамбл» үйірмесімен қамтылған.

«Білікті маманның орны төр» демекші, үйірме оқушыларын кәсіби мамандар дайындайтын болады. Бұл ретте, балалармен жұмыс жасау барысында Ләззат Бекарыстанова, Алмат Өтеуов, Әсел Ибраева, Айгерім Жұмабекова, Мағжан Аманжол, Нұрила Кеңесары, Бекжан Жұмабаев, Ақмарал Бегалы, Мейірімжан Маханбетжанов, Ақтөре Оразалы, Бақытжан Әлтаев, Айым Арғынбекқызы, Ақбота Сәкенова, Зульфия Баймурзаева, Ақжан Сәкенова Ақбота Талғатова, Әлия Бақытбекова, Аружан Әшірова, Ботагөз Қалиасқарова, Динара Жәкешова, Әнел Сансызбаева, Гүлназ Сералиева, Нұрсұлтан Сайлаубеков, Әділбек Әзімжан, Загира Ахметова секілді кәсіби мамандарымыз барын салады.


Иә, «Сұлу-ай» өнер орталығы арқылы Сіздің балаңызда өнер биігінен көрінуге толық құқылы. Болашақта таланттар шеберханасына айналатын өнер орталығы өз шәкірттерін күтеді. Әрқашан құрметті ата-ана бізбен бірге болыңыз! Сонда біз зор жетістікке жете аламыз.

Анар ҚАЛДЫБАЕВА,
«Сұлу-ай» өнер орталығының жетекшісі,
аудандық мәслихат депутаты
14 қаңтар 2022 ж. 426 0