Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТОҚЫМА ӨНЕРІНІҢ ҚЫР-СЫРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ТОҚЫМА ӨНЕРІНІҢ ҚЫР-СЫРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ


Рухани жаңғыру" орталығының ұйымдастыруымен Сырдария ауданына қарасты Айдарлы ауылдық округінде орналасқан жеке кәсіпкер, атақты ісмер Роза Әлбатырованың тігін шеберханасында «Ұрпаққа үлгі қолөнер» атты тағылымы мол шара ұйымдастырылды. Бұл жолы жастарға ұлттық нақыштағы кілемдерді тоқудың қыр-сыры түсіндіріліп, жұмыс барысы көрсетілді. Тоқыма тоқу ісінде ұзақ жылғы тәжірибесі бар Роза Әлбатырова шеберлік сағатында қиындығы мен қызығы мол жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге, әрбір қазақтың қызы кесте тігуден бастап, құрақ көрпе құрау, тігін тігу, киіз үй бұйымдарын жасау жұмыстарын меңгеру керектігін айтты. Бұл ұлттық құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа насихатталуына, жойылып кетпеуіне негіз болмақ. Шараға қатысушы жастар тәжірибелі ісмермен пікір алмасып, сұрақтарын қойып, өз шеберліктерін шыңдады. Сонымен бірге, шараға белсене атсалысқан «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» тәрбиеленушілеріне тігін шеберханасында әзірленген бұйымдар сыйлық ретінде берілді. Осылайша, "Рухани жаңғыру" орталығының ұйымдастыруымен өткен тағылымды шара жоғары деңгейде қорытындыланды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.


30 наурыз 2018 ж. 2 220 0