Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 38 газет

14 мамыр 2024 ж.

№ 37 газет

11 мамыр 2024 ж.

№ 36 газет

07 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Аудан әкімі жүлдегер оқушыларды қабылдады

Аудан әкімі жүлдегер оқушыларды қабылдады

Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев «Елбасы медалі» жобасы және республикалық ғылыми жобалар конкурсы жеңімпаздарын қабылдады.

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың дарынды балалар мен жастарды анықтау мен қолдауға бағытталған ««Ел Үміті» бастамасы аясындағы «Елбасы медалі» жобасына №36 Әбілда Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің 14 оқушысы қатысып, «Қола медалін», «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында өткізілген республикалық ғылыми жобалар конкурсына Қ.Баймағанбетов атындағы №42 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Нұржайна Жұбатқан қатысып ІІ дәрежелі диплом және күміс медаль иеленді.

- Оқушылардың бағындырған белестерінің артында ұстаздардың да қажырлы еңбегі тұр. Білім сапасын дамытуға арнаған адал еңбектері үшін ұстаздарға да шексіз ризашылығымды білдіре отырып, игілікті істеріңізге әрқашан асқақ абырой мен жоғары мәртебе тілеймін! Алдағы уақытта да шәкірттеріңіз білім сайыстарынан топ жарып, жеңіс тұғырынан көріне береді деп сенемін,- деді аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы.

Шара соңында мектеп ұстаздары мен жүлдегер шәкірттеріне аудан әкімінің алғыс хаты мен сыйлықтары табыс етілді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
11 наурыз 2022 ж. 392 0