Саусағыңыздағы сурет сіз жайлы не айтып бере алады?
Саусақтағы өрнектерді зерттейтін арнайы ғылым дерматоглифика деп аталады. Ғылым саусағыңыздағы суреттердің мінезіңізбен және әдебіңізбен қандай байланысы бар екенін түсіндіруге көмектеседі.
Ілмек тәрізді сурет – еуропалықтардың басым бөлігінің саусағында бар. Бұл сурет адамның салмақты әрі байыпты мінезі бар екенін көрсетеді. Мұндай адамдар сын сағатта бей-жай қарай алмайтын, достар қатарын тез көбейтетіндердің санатында. Олардың жауапкершілігі бар, барар жерге ешқашан кешікпейді, алайда бастамашыл қасиеті жоқ.
Саусағында осындай суреті бар адамдардың әрқашан энергиясы тасып тұрады, олар өзіне сенімді. Сенімділік бар қасиетінен көрінеді: еңсесін тік ұстауы, жүрісі, тәртібі, ым-ишарасы. Оларды бір алған бетінен қайтару мүмкін емес, қателескенін де мойындату оңайға соқпайды, олар әр жасаған шешімін соңына дейін дұрыс деп дәлелдеуден шаршамайды. Нақты ойлау жүйесі бар. Қоршаған кеңістіктегі өзгерістерге бейімделу мәселесінде мұндай адамдар тығырыққа көп тіреледі және айналасындағы адамдардың пікіріне мойынсынуды білмейді. Бар ой-өрісі қарапайым әрекеттерден туындап отырады. Алайда алға қойылған тапсырманы орындау үшін өзге адамдардың көмегіне жүгінуді әдетке айналдырған.
Саусағында ирек сызықтары бар адамдар ашушаң келеді, қайтымы тез адам. Шығармашылық дарыны бар, қабылдауы жақсы, тез үйренеді және кез келген оқиғаны сараптап отырады. Бірнеше істі қатар бастап, орта жолда тастап кетеді және қызығушылығы жоғалады. Психикасы тез қозғыш, тұрақсыз. Көңіл-күйін тап басып айту қиын, өз сезімдері мен уайым-қайғысын ішке жасырады. Жалғыз болуға және өз-өзіне есеп беруге құмар. Көп жағдайда өзіне көңілі толмайды, күмәні көп адам. Негізінде сезім ішкі ойдан туады, ал мәліметті жазбаша хаттар деректерінен алады.
bilim-all.kz