Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қаруды сақтаудың ережесі бар

Қаруды сақтаудың ережесі бар

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қыл­мыстың алдын алу, қару ұрлығы мен құқық бұзу­шылықтарды болдырмау, қару иелерінің қару­ды сақтау заңдылығын тексеру мақсатында аудан көлемінде «қару» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде.

Жедел-профилактикалық іс шарасы барысында ау­дан ор­талығы ғана емес, шалғай елді мекендегі шаруа қожа­лықтар, мал жайылым учаскелері бойынша да заңсыз қару-­жарақ заттарын сақтауға қатысты заң бұзушылықтар бақы­лауға алынуда. Егер қару иелері қаруды тіркеу, қай­та тіркеу жұмыстарына салғырттық танытса немесе мекен жайын өзгерткен кезде ішкі істер органдарына хабарламай, оны есепке қою ережесін бұзатын болса, бұған әкімшілік шара кө­рілетіні ескертілуде. Бүгінде аудан көлемінде 663 қару, 593 қару иесі бар.

– Қаруды сақтаудың арнайы ережесі де бар. Алғашқы төрт күннің ішінде ішкі істер органдарында тіркеуде жоқ атыс қаруын алып жүрудің 1 дерегі, сақтау ережесін бұзудың 3 фактісі анықталып, айыппұл салынды. Сонымен бірге, тір­кеу ережесін бұзған 1 тұлғаға қатысты шара қаралды. Құ­қық бұзушылыққа жол берген қару иелері қайта емтихан тапсыруға жолданады. Бүгінгі есеп бойынша қаруға қатысты құқық бұзушылыққа жол бергендерге жалпы көлемі 102 095 теңге айыппұл салынды, – дейді Сырдария аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры С.Кеукенов.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
09 қараша 2021 ж. 784 0