Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «Бала және отбасы» іс-шарасы өткізілуде

«Бала және отбасы» іс-шарасы өткізілуде

Облыстық полиция департаментінің 21.02.2022 жылғы №1-030-27/520-И санды тапсырмасына сәйкес, Сырдария ауданы көлемінде ағымдағы жылдың ақпан айының 23-27 күндері аралығында «Бала және отбасы» жедел профилактикалық іс-шарасы кеңінен өткізілді.


Аталған іс-шара барысында Сырдария аудандық прокуратурасының қызметкаерлерімен бөлімнің ювеналды полиция тобының инспекторларымен бірлесе отырып кент көлеміндегі дүкендер мен кафелерде, компютерлік ойын клубтары және жасөспірімдер көп шоғырланатын орындарға рейдттік іс-шаралар жүргізілді.

Іс-шара кезінде, Сырдария ауданы бойынша 16 әкімшілік құқық бұзушылық деректері, соның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 2-бөлігімен түнгі мезгілде ата-ана қарауынсыз тұрғын үйден тыс жерде жүрген 12 құқық бұзушылық, ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабымен 1 құқық бұзушылық, 132 бабымен 2 құқық бұзушылық, 200 бабымен 1 құқық бұзушылық анықталып барлығына әкімшілік шара көрілді.

Сырдария ауданы полиция бөлімі
28 ақпан 2022 ж. 748 0