Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№35 газет

13 мамыр 2026 ж.

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Бірнеше құқық бұзушылық анықталды

Бірнеше құқық бұзушылық анықталды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігің нұсқауына сәйкес, Сырдария ауданы көлемінде өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бөлімнің жергілікті полиция қызметімен біршама құқық бұзушылықтар анықталды.

Өткізіліп жедел профилактикалық іс-шараның 3-күнінде бөлімнің қызметкерлерімен барлығы  – 72 құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар Патрульдік полиция тобының қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару барысында жол-жүрісі қағидасын өрескел бұзушы яғни ішімдік ішіп, автокөлікті масаң күйде басқарған 3 жүргізушіні ұстап апаттық жағдайдың алдын-алды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес кінәлі жүргізушілердің масаң күйде болғандары анықталып, аталған 3 құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес әкімшілік хаттама рәсімделіп, Сырдария аудандық сотымен көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Жүргізушілердің автокөліктері айыптұраққа қойылды.
09 желтоқсан 2021 ж. 628 0