Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді

«Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді

Облыстық Полиция Департаментінің 22.12.2021 жылғы №1-030-27/4732-И санды тапсырмасына сәйкес, Сырдария ауданы көлемінде ағымдағы жылдың желтоқсан айының 24-27 күндері аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы кеңінен өткізілді.

Іс-шара барысында аудандық полиция бөлімінен барлығы 25 қызметкер жұмылдырылды. Сонымен қатар Сырдария аудандық прокуратурасының прокуроры Д.Ұзақбаевтың бастамасымен бөлімнің ювеналды полиция тобының инспекторларымен бірлесіп кент көлеміндегі дүкендер мен кафелерде, компьютерлік ойын клубтары және жасөспірімдер көп шоғырланатын орындарға рейдт жүргізілді.

Іс-шараның басты мақсаты кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын-алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың жолын кесу болып табылады. Іс-шара кезінде Сырдария ауданы бойынша 21 әкімшілік құқық бұзушылық деректері, соның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 2-бөлігімен түнгі мезгілде ата-ана қарауынсыз тұрғын үйден тыс жерде жүрген 16 құқық бұзушы, ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабымен 2 –хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 435 бабымен-3 құқық бұзушылық анықталып барлығына әкімшілік шара көрілді.
Сырдария аудандық Полиция бөлімі
28 желтоқсан 2021 ж. 939 0