Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Заңда не өзгеріс бар?

Заңда не өзгеріс бар?

Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру, ономастика және көрнекі ақпарат мәселелеріне қатысты жаңадан қабылданған нормативтік актілерді түсіндіру мақсатында семинар өтті. Семинарда аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев «Тіл туралы» Заңға енгізілген өзгерістерді кәсіпкерлер мен жарнама агенттіктері өкілдері арасында кеңінен түсіндіру, көрнекі ақпа­раттарды бір ғана мемле­кеттік тілде әзірлеу бойынша акциялар ұйымдастыру, мамандар тарапынан әдіс­темелік көмек көрсету қажеттігін айтты.

Семинарға Қызылорда облысының іш­кі сая­сат басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Л.Есімо­ва, Қызылорда облысының тілдерді оқы­ту орталығының директоры Л.Ортаева,  Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудан­дық филиал төрағасы Ш.Нұрсейітов, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері қатысты.

Облыстық ішкі саясат басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Л.Есімова 16 заңнамалық актіге толықтырулар енгі­зілгенін айтып, соның ішінде «Тіл туралы» Заңдағы толықтыруларға тоқтал­ды.
– Заңның 19 бабына «Әкімшілік-аумақ­тық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ басқа да физикалық-географиялық объек­тілердің атауларын мемлекеттік тілде жазу туралы өзгеріс енгізілді. Түзету енгі­зілгенге дейін олардың атаулары мемлекеттік тілде және басқа тіл­дер­де транслитерация ережелеріне сәй­кес берілетін. Қазіргі Заң нормасы атаулардың тек мемлекеттік тілде жазылуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар Заңның 21-бабындағы өзгерістер бойынша мемлекеттік ұйым­дардың бланкілері мен маңдайшалары мемлекеттік және орыс тілдерінде, қажет болған жағдай­да басқа да тілдерде жазылады. Мем­лекеттік емес ұйымдардың бланкілері мен маңдайшалары мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс немесе басқа да тілдерде жазылады. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық акті­лерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жар­на­малар, прейскуранттар, баға көр­сеткіштері, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс немесе басқа тілдерде жазылады, – деген бөлім басшысы Заң нормаларын түсіндіру барысында арнайы сайттардың көмегін пайдалануды ұсынды.

Ономастика саласы бойынша әдісте­мелік ұсынымдар, идеологиялық тұрғы­дан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасы таныстырылды. Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес елді мекендерге, көшелерге және даңғыл­дар­ға қатысты атау бергенде алдымен ескі ата­уы­ның шығу тарихына назар аудару қажеттігі айтылды. Сондай-ақ идео­логиялық тұрғыдан ескірген атаулардың өзгер­тілуін қамтамасыз ету, көзі тірі адам­дардың есімдерін берілуіне жол бермеу маңызды. Орналасқан же­ріне, ұзындығына, абат­тандырылуына ерекше назар аудару қажеттігі, «Тарихи тұлғалар» және «Жер-су атаулары» тізімдерін басшылыққа алу, аурухана, балабақша, теміржол және ав­то­­вокзалдарға кісі есімдерімен аталуына жол берілмеуі талап етіледі. Айту керек, атау беру жұмысы басталғанға дейін кемінде 6 ай бұрын БАҚ-та, әлеуметтік желілерде мақалалар жариялап, түсіндіру жұмыстарын жүргізу атау берудегі негізгі ұсынымдар болып табылады.

Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының директоры Л.Ортаева орталық­та 2008 жылдан бері мемлекеттік тілді оқыту тегін жүргізіліп келе жатқа­нын айтты. Бүгінде 10 мыңнан аса мемлекеттік қызметкер, бюджеттік сала мамандары мен еріктілерді арнайы мамандардан білімдерін жетілдірген. Соңғы жылдары пандемияға байланысты курс­­тар онлайн ұйымдастырылғандықтан, алда­ғы уақытта дәстүрлі форматта өткі­зу жос­парланған. Орталық басшысы мем­лекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға байланысты пікір білдірді. Заманауи оқы­ту әдістерін кеңінен пайдаланатын орта­лық мамандары тіл білімін жетілдіру мақсатында челлендждер, онлайн диктант, қатесіз жаз секілді ақпараттық айдарлармен жұмыс істейтіндерін айтты.

Семинар соңында сала мамандары қа­ты­с­у­­шылардың қойған сұрақтарына жа­уап берді. Әсіресе көше атауын беру, бі­лім, спорт, мәдениет мекемелеріне есім бе­ру, жарнамалардағы қателіктерді дер ке­зін­де жөндеу жұмыстарына байланыс­ты түсін­дірілді.

Бибісара ТАҢАТАРҚЫЗЫ
26 ақпан 2022 ж. 620 0