Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Бүгінгі күн несімен ерекшеленеді?

Бүгінгі күн несімен ерекшеленеді?

Бүгін күнтізбе ақпанның 22-жұл­дызын көрсетеді. 2022 жылдың екін­ші айына тура келген 22-күн. Ғалымдардың айтуынша, бірдей сан қайталанып келе­тін бұндай атаулы күндерде ерекше ғарыштық байланыстар орын алатын көрінеді.

Бұл күні жапондықтар мысықтар күнін атап өтеді. «Естімеген елде көп» деген, атаулы мереке жыл сайын кең көлемде тойланады екен.

Сондай-ақ бұл күн – өркениетті әлемде бейресми түрде халық­аралық қылмыс құрбандарына қол­дау көрсету күні.

22 ақпан күні ХХ ғасырдағы ең ірі кеме апаты тіркелсе, америкалық ғалым Зельман Ваксман «стрептомицин» антибиотигін ойлап тапқан. 1966 жылдың дәл осы күні Кеңес одағы «Космос-110» спутнигін ғарышқа ұшырған. Ал Алматыда осы күні Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның жеңіске деген орасан зор үлес қосқанын ұмытпау мақсатында ұйымдастырылған «Память» клубы құрылған.

АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтон, неміс философ Артур Шопенгауэр, итальян әртісі Джульетта Мазиналар 22 ақпанда дүниеге келсе, ақын Совет Әлімқұлов, ғалым Нағима Айтхожиналар да дәл осы күні туған.

Сондай-ақ 22 ақпанда әлемде «Жақсы көңіл-күй мерекесі» аталып өтіледі. Ендеше әр күнімізді әсемдеп, сәттерді бағалай білейік!

Дайындаған
Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
22 ақпан 2022 ж. 545 0