Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 19 ақпан: Бүгін қандай күн екенін білесіз бе?

19 ақпан: Бүгін қандай күн екенін білесіз бе?

Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы поляк астрономы Николай Коперник, жапон жазушысы, сценарист Рю Мураками есімдері көпшілікке таныс болар. Ал осындай біртуар тұлғалардың дәл бүгін, яғни 19 ақпан күні дү­ниеге келгенін білдіңіз бе?!

Қазақтың көрнекті заңгері, академик Салық Зиманов, «Қазақфильм» киностудиясының қою­­шы-режиссері Амангелді Тәжібаевтың да осы күні туғанын ескерсек, ақпан айында, сірә, осал адамдар дүниеге келмеген сыңайлы.

Бүгін – бүкіл әлемдік киттер күні. Атаулы күн 1986 жылы Халықаралық кит аулау комиссиясында бекітіліп, содан бері ерекше дата ретінде аталып келеді. Сондай-ақ Арменияда кітап сыйлау күні болса, түркіменстандықтар Мемлекеттік ту күнін 19 ақпан күні атап өтеді. Қырғызстанда қаржы полициясының мерекесі осы күнге тұспа-тұс келсе, Мексикада әскер күні аталып өтіледі.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Адам құқығы жөніндегі республикалық комиссия құру туралы» жар­лыққа 1994 жылдың 19 ақпанында қол қойса, 2013 жылы Тараз қаласының маңында сақ ал­тынының бөліктері табылған қорғандар қазып алынды.

Айта кетейік, Григориан күнтізбесіне сәй­кес 19 ақпан – жылдың 50-күні.

Дайындаған А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
19 ақпан 2022 ж. 476 0