Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жолаушыларды заңсыз таситын қоғамдық көліктер мен такси қызметі тексеріледі

Жолаушыларды заңсыз таситын қоғамдық көліктер мен такси қызметі тексеріледі

Елімізде заңсыз жұмыс істейтін қоғамдық көліктер мен такси қызметі бақылауға алынады. Бұл туралы ҚР ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер министрлігі бүгіннен бастап ел аумағында «Автобус» жедел профилактикалық шарасын өткізіп жатыр. Мақсат – жолда жүру қауіпсіздігін тағы бір еске салу. Шара барысында қоғамдық көліктердің техникалық жағдайы тексеріледі. Сондай-ақ, қоғамдық көлік жүргізушілердің құжаты талапқа сай болуы да бақылауға алынады», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрлікте онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қоғамдық көлік жүргізушілердің жұмысының еңбек кодексіне сай жүруі де тексеріске алынады.

«Автобус жүргізушілердің денсаулық жағдайы мен медициналық тұрғыдан жұмысқа жарамдылығы мәселесіне мән берілмек. Одан бөлек, жолаушыларды заңсыз таситын қоғамдық көліктер мен такси қызметіне қатысты да жедел профилактикалық шарасы өтеді», - дейді ол.
21 ақпан 2022 ж. 404 0