ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының сапары Сырдария ауданында жалғасты
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кесебаева Балайым Туғанбайқызы Сырдария ауданының ауылшаруашылық саласы өкілдерімен кездесуі болды.
Аудандық мекемелер үйінің мәжіліс залында өткен кездесуге облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, аудан әкімі М.Ергешбаев және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы РММ Су қорын мемлекеттік бақылау және қорғау бөлімінің басшысы З.Қазтоғанов, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркебұлан Жақып қатысты.
Кездесу барысында кәсіпкерлік, жер, ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.
Сала өкілдері тарапынан Сырдария суының тартылуы күріш алқабының азаюына әкелетіні сөз болды. Кездесу барысында көтерілген мәселелерге байланысты сала басшылары жауап қайтарды.