Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасарлары лауазымына Павел Казанцев пен Балайым Кесебаева сайланды

ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасарлары лауазымына Павел Казанцев пен Балайым Кесебаева сайланды

ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасарлары лауазымына Павел Казанцев пен Балайым Кесебаева сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысы барысында Нұрлан Нығматулин өзінің орынбасарлары лауазымына Павел Казанцев пен Балайым Кесебаева кандидатурасын ұсынып, оны депутаттар бірауыздан қолдады.


«Балайым Туғанбайқызы 6-шы шақырылым депутаты болған, тәжірибесі мол білікті заңгер. Көп жылдар бойы әділет органдарында қызмет атқарды. 6-шы шақырылымда Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды. Заң шығару қызметіне белсенді қатысып, өзінің кәсіби шеберлігін көрсетті», - деді Мәжіліс Төрағасы.


Нұрлан Нығматулин екінші орынбасары Павел Казанцевтің жергілікті атқарушы органдарда жұмыс тәжірибесі мол екендігін, 6-шы шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты болғанын атап өтті.

Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы лауазымына депутаттардың жасырын дауыс беруі нәтижесінде сайланған еді.

15 қаңтар 2021 ж. 869 0