Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Құрметті зейнет демалысына шықты

Құрметті зейнет демалысына шықты

Аманкелді ауылдық әуез мектебінің ұжымы есепшісі Палкүл Әбдіғаппарқызын құрметті зейнет демалысына шығарып салды.

Ауыл әкімі Мейрамбек Нұрғалиев аталған шараға арнайы қатысып, өз құттықтауын жеткізді.

Шара әуез мектебі оқушыларының әзірлеген тосын-сыйымен және концерттік қойылымымен жалғасты.

Елді мекендегі әуез мектебі мен мектеп-лицейінде 41 (қырық бір) жылға жуық уақыттан бері адал қызмет жасап, ауылдың экономикалық дамуына өз үлесін қосқан Палкүл Әбдіғаппарқызына аудандық білім бөлімі басшысының «Құттықтау» хаты ұсынылып, ұжымның дайындаған сый-құрметі табысталды.

Мұнан соң ардагер әріптестері бейне көрсетілім арқылы тілектерін айтып, әріптестері мен туыстары ыстық лебіздерін жеткізді.

Палкүл Әбдіғаппарқызы ауыл әкіміне және әуез мектебінің директоры мен ұжымына, туыстарына зор алғысын білдіріп, барлығына сәттілік тіледі.

13 ақпан 2022 ж. 599 0