Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сотпен әкімшілік қаумауға алынған 3 314 тұлғаның ішінен тек 63-і қамауда қалуда

Сотпен әкімшілік қаумауға алынған 3 314 тұлғаның ішінен тек 63-і қамауда қалуда

Қазіргі уақытта прокурорлардың өтініштері бойынша қамауға алудан 1 149 адам босатылды, 577 іс бойынша айыппұлдар ескертулерге ауыстырылды, 393 әкімшілік іс құрамы болмауына байланысты толығымен тоқтатылды. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов осындай мәліметтерді келтіріп өтті.

«Осылайша, сотпен әкімшілік қаумауға алынған 3 314 тұлғаның ішінен тек 63-і қамауда қалып отырғанына назарларыңызды аударғым келеді. Бұл ретте прокурорлардың әкімшілік жазаны жеңілдетуге арналған тағы 13 өтінішхаты соттарда қаралуда. Жалпы, ағымдағы жылдың 25 қаңтарындағы жағдай бойынша жедел-тергеу топтарының өндірісінде 2 044 қылмыстық іс бар. Осы істер бойынша 898 күдікті ұсталған. Олардың ішінен 802-сі сот санкциясымен қамауға алынды, 50-іне үй қамағы, ал 21 тұлғаға кепіл, 12-не ешқайда кетпеу қолхаты тағайындалды, 13-і бойынша бұлтартпау шарасы туралы сұрақ қаралуда», - деді спикер.

Айта кетейік, прокуратура органдары қайғылы оқиғаларды тергеу кезінде заңдылықтын сақталуын қамтамасыз етеді.
25 қаңтар 2022 ж. 425 0