Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№35 газет

13 мамыр 2026 ж.

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Сот төрағасы ұсталды

Сот төрағасы ұсталды

Бостандық аудандық сотының төрағасына қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы санкцияланды, –дейді sputniknews.kz
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрағасы сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
"Сот ведомствоның судьяның сотқа дейінгі тергеуді объективті жүргізуге кедергі келтіруі мүмкін екені туралы дәлелін қолдады", - делінген агенттік хабарламасында.
Еске сала кетсек, судья борышкердің Қазақстан аумағынан шығуына рұқсат бергені үшін қазақстандықтан ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді.
Бұған дейін аудандық сот төрағасының ұсталған сәтінің видеосы тараған болатын.
Қылмыс Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік және жемқорлықты ескерту бөлімімен бірлескен жұмыс барысында әшкереленді.Сондай-ақ, ведомстводан нақтылағандай, 22 қаңтарда іс материалдарын зерделегеннен кейін Қазақстанның бас прокуроры қылмыстық қудалаудан қорғалған судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға келісім берді.

31 қаңтар 2020 ж. 888 0