Облыста қатты отын қоры жеткілікті
«Облыста жылу беру маусымы жалғасуда. Облыс тұрғындары және әлеуметтік нысандарға көмір, дизель отыны толық жеткізілген. Тұрғындар үшін аудан орталығындағы қоймаларда барлығы 10 мың тоннадан аса көмір қоры бар. Облыстағы коммуналдық мекемелер штаттық режимде жұмыстарын жалғастыруда. Берілетін жылу температурасы сыртқы ауа температурасына байланысты бекітілген графикпен беріліп жатыр. Сондай-ақ, аймақатғы қатты отын қорын қамтамасыз ету үшін 57 вагон көмір осы айдың соңына дейін жеткізілетін болады. Жалпы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала нысандарының 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы облыстық штабтың тұрақты бақылауында.
Сонымен қатар, бүгінде Қызылорда облысында 142 автогаз құю бекеті бар. Сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдары арқылы сату 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды. Қызылорда облысы үшін шалғайдағы аудандарды қоспағанда, бағасы 1 литр үшін 60 теңге, облыс орталығынан шалғайдағы аудандар үшін 1 литр үшін – 65 теңге. Қазіргі таңда, облыста 2450 тонна сұйытылған газ көлемі бар».