Екпе алу маңызды

Мұның алдын алу үшін тағы екпе алу керек, ол – ревакцинация. Бірқатар шетелдік зерттеу нәтижесіне сүйенсек, екпе алған адамдарда инфекциядан қорғау алты айдан кейін орта есеппен 1,8 есе төмендейді. Ревакцинация- вакцинаның екі компонентін алғаннан кейінгі қосымша доза.Ол бізге иммунитетті әрі қарай нығайту үшін және ағзада қосымша антиденелердің түзілуі үшін өте қажет. ДДСҰ деректері бойынша коронавирусқа қарсы вакцина салу шарасы тиімділігін көрсетті. Аурушаңдық деңгейі тұрақталып, ауру жеңіл немесе симптомсыз түрде өтуде. Осылайша, вакцинаның толық курсын алып, 6 айдан кейін ревакцинация ұсынылады.
Сонымен қатар, коронавирус инфекциясымен ауырған адамдарда ревакцинациялауға жатады. Ревакцинация халыққа қолжетімді,барлық емханаларда тегін жүргізіледі. Ауру деңгейінің төмендеуі үшін қайта екпе алғаннан кейін 75-80 % аралығында ұжымдық иммунитет қажет. Сырдария ауданы бойынша коронавирустық инфекциясына қарсы 20362 тұрғын вакциналанды, оның ішінде "Спутник-V" вакцинасының екі компонентін қабылдаған – 11600 тұрғынның бүгінгі күнге ревакцинациялаудан өткені – 1821, яғни бұл 11пайыз, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін жеткіліксіз. Ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, инфекцияны жеңу жолында Сіздерді вакцинация, ревакцинация алуға шақырамыз!