Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «Екпенің үшінші дозасы ағзаны вирустан қорғауға септігін тигізеді»

«Екпенің үшінші дозасы ағзаны вирустан қорғауға септігін тигізеді»

«Қазір елімізде коронавирусқа қарсы ревакцинациялау науқаны белсенді түрде жүргізілуде. Осы жұмыстардың арқасында қоғамда ұжымдық иммунитет қалыптасып, коронавирусты жұқтырушылар саны азайып келеді.

Індеттің ілмегіне ілінбеудің бірден-бір амалы екпе салдыру болғандықтан, алғашқылардың бірі болып ревакцинациялаудан өттім.

Үшінші компонентін салдырғаннан кейін өзімді жақсы сезіндім. Бұл доза адам ағзасында вирусқа қарсы иммунитетті нығайтып, денсаулықты күшейтуге мүмкіндік береді. Медицина маманы ретінде айтарым, ревакцинация әсіресе егде жастағы кісілер мен бұрын коронавируспен ауырғандар үшін өте тиімді. Сондықтан екпе салдыруға асығайық!»
30 желтоқсан 2021 ж. 434 0