Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Вирусқа қарсы антидененің түзілу уақыты

Вирусқа қарсы антидененің түзілу уақыты

Ауру шақыратын вирустар шабуыл жасағанда ағза оған қарсы күресу үшін антиденелер түзеді. Бұл ағзаның ауруға қарсы тұрар жалғыз құралы, – деп жазды Мassaget.kz

Антидене – вируспен байланысып, оны бұзатын ақуыздар. Ол вирустың өзін-өзі көшіруге жол бермейтін. Бүгінде коронавирусқа қарсы антидене бар-жоғын тест жасау арқылы анықтайды. Егер адам коронавирус жұқтырса, ағза антидене түзеді. 

Адамзат эволюциясы кезеңінде ағза инфекцияларға қарсы күрестің түрлі жолын тапты. Бүгінде иммун жүйесі түзетін жасушылар ағзаға кез келген вируспен күресуге көмектеседі. Бірінші, ағза түскен ауруды қоздырушымен иммун жүйесінің жасушылары байланысады. Егер оның жат екені анықталса, жасушылар IgM деңгейлі антидене түзеді. Олар вирустың түрін анықтап, оған қарсы күреседі. Артынша "жауы" жайлы барлық ақпаратты жадына сақтап алады.  Вирус ағзаға қайта түскен жағдайда IgG антидене лезде түзіледі де, үлкен көлемде ауру қоздырғышын жойып шығады. 

Қазір әлемді жаулаған SARS-CoV-2 вирусына қарсы антидене бір аптадан екі аптаға дейінгі уақытта пайда болады. Ал оның деңгейі уақыт пен вирустың әсеріне байланысты. Ағзада антидененің бар-жоғын анықтау үшін қан тапсыру қажет. Тесттің жауабы тез арада шығады. 

Инфекцияның түріне байланысты түзілетін иммунитет әркелкі. Мысалы адам ағзасы қызылша вирус өмір бойына "есте сақтайды". Бала кезде жасалған екпенің арқасында мүлдем қызылша жұқтырмауға болады. Алайда тұмауды бір маусымда бірнеше мәрте жұқтыруы мүмкін. Өйткені оның штамдарды да әркелкі. 

New York Times басылымы коронавирусқа қарсы антидене қанша уақытқа дейін жарамды екенін жариялады. SARS-CoV-2 вирусы салыстырмалы түрде жақында пайда болғанына байланысты әлі көп нәрсе белгісіз. Дегенмен ғалымдар антидене кем дегенде 2-3 ай ағзаны қорғайды дейді. Ал жақында ғана сынақтан өткен Ресейдің "Спутник V" вакцинасы 2 жыл бойы иммунды жауап қайтаруға қабілетті екен. 

14 ақпан 2021 ж. 490 0