Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада террорлық қауіптің қызыл деңгейі алынды

Қызылордада террорлық қауіптің қызыл деңгейі алынды

Бүгінде Қызылорда облысында ахуал тұрақты. Төтенше жағдай режимі жалғасуда. 28 блок-бекет талапқа сай жұмыс жасауда. Қазіргі күні 225 қоғамдық көлік қатынауда. 316 банкомат жұмыс жасап тұр. 7 қаңтардан бастап 1414 Call орталығына 56200 қоңырау түскен. Басым бөлігі – халыққа қызмет ету, авиа/теміржол билеттерді алу және азық-түлік мәселесіне қатысты. Бүгіннен бастап 668 балабақша қызметін бастады. Мектеп оқушылары 17 қаңтардан бастап оқу процесіне көшеді.

5 қаңтардан бүгінге дейін 608 азамат полиция органдарына жеткізілді. Ал, қылмыстық істер бойынша 73 азамат тергеу изоляторына қамалды.

Бүгінде 205 азамат медициналық көмекке жүгінсе, солардың 46-ы ауруханада, 8-і жансақтау бөлімінде жатыр.

Кеше түскі уақыт шамасында белгісіз азаматтан «әкімдікке жарылғыш зат орнатылады» деген қоңырау түсті. Дер кезінде арнайы органдары мен полиция департаментінің мамандарына хабарласып, әкімдік қызметкерлері 10 минут ішінде толық эвакуацияланды.

Арнайы мамандардың көмегімен сағат 13.15-тен 17.00-ге дейін әкімдіктің барлық кабинеттері мұқият қаралып, тексерілді. Нәтижесінде, жарылғыш зат табылмады.
Қазіргі таңда қылмыстық іс тіркеліп, күдіктіні іздестіру бойынша тиісті шаралар жасалуда.

Бүгінгі күні облыста террорлық актімен күрестің қызыл шекті деңгейі алынды. Тұрмыстық тіршілікті қайта қалпына келтіру жұмыстары жандануда. Коменданттық талап ережелерін толық орындау туралы тұрғындарға ескерту берілуде.

Қызылорда облысы әкімінің
баспасөз қызметі

13 қаңтар 2022 ж. 341 0