«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

Іс-шараларды өткізу кезеңінде: - қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, көңіл-көтеру орындарында және басқа да азаматтардың көпшілік жиналатын аймақтардапатрульдеуді ұйымдастыру;
- ІІО жедел қызығушылық тудыратын адамдарды анықтау үшін құрылыс, оның ішінде тоқтатылған және тасталған объектілерді, шатырларды, жертөлелерді, кәріз шұңқырларын және т.б. тексеруді ұйымдастыру;
- қару-жарақтың, оқ-дәрілердің және басқа да тыйым салынған заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау, сатып алу көздерін және аудан аумағына келу арналарын анықтау жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды;
- ұрланған және айдап әкетілген автокөлікті анықтау мақсатында гараж массивтерін, автокөліктік кәсіпорындарды тексеруді ұйымдастыру;
- еліміздегі болу ережесін бұзған, шығару туралы сот шешімін орындамаған шетелдіктерді, заңсыз көші-қонды ұйымдастырушыларды, сондай-ақ шетелдік жұмыс күштерін тарту ережесін бұзушы жұмыс берушілерді анықтау;
- жастар және кәмелетке толмағандар шоғырланған жерлерде олардың қоғамға қарсы іс-әрекетін анықтау және құжаттандыру, сондай-ақ олардың тарапынан бақылаусыздық фактілерінің жолын кесу мақсатында жұмыс жасау;
- Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды (көлік құралын мас күйінде басқару, бағдаршамның тыйым белгісінен өту, қарсы қозғалыс жолағына шығу, жылдамдық режимін бұзу т.б.) анықтау;
- жеке құрамның заңдылықты қатаң сақтауы, азаматтармен сыпайы да ықыласты қарым-қатынас жасауы туралы күнделікті нұсқаманы жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жандандыру болып табылады.