Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Мемлекет басшысы: Содырлар елордадағы Президент резиденциясын басып алмақ болған

Мемлекет басшысы: Содырлар елордадағы Президент резиденциясын басып алмақ болған

Содырлар елордадағы Президент резиденциясын басып алмақ болған. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Алматы мен 9 облыс орталығы бандиттердің қолына өтті. Біз контртеррористік режим жарияладық. Қазақстан ҰҚШҰ-на жәрдем көрсету өтінішін жасады. Біздің өтінішіміз дер уақытында қабылданды. Елордаға үш әскери-көлік ұшағының келгенін білген содырлар президенттік резиденцияны басып алуға бағытталған жоспарларын дереу тоқтатты. Осының арқасында біз қосымша күшті Алматыға жіберуге және қаланы содырлардан қайтарып алуға мүмкіндік алдық», – деді Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында.

Еске салайық, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ мүше елдердің басшыларынан ел аумағындағы террористік қауіпті еңсеру үшін Қазақстанға көмек көрсетуді сұраған болатын.


10 қаңтар 2022 ж. 760 0