Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы ауыл халқына алғыс айтты

Мемлекет басшысы ауыл халқына алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыз тағы да қиын сәтте ауызбіршілігін, әрқашан жәрдем беруге әзір тұратындарын көрсетті дейді.
Қазақстан Президенті Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылары мен құтқарушыларға көмекке келген Гүлдала ауылының тұрғындарына алғыс білдірді.
"Қиын сәтте құтқарушыларға көмек қолын созған Алматы облысы Гүлдала ауылының тұрғындарына алғыс айтамын. Олар тамақ дайындап, ыстық шай таратты", - деп жазды Қ.Тоқаев Twitter-де. Бұған қоса, Президент зардап шеккендер үшін қан тапсырған алматылық донорларға да рақмет айтты.
"Халқымыз тағы да қиын сәтте ауызбіршілігін, әрқашан жәрдем беруге әзір тұратындарын көрсетті", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске салсақ, 27 желтоқсанда Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады.
29 желтоқсан 2019 ж. 889 0